19
Наурыз

Ұлттық киім күніне арналған “QUIZ” ойындары

19 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Семей қаласында өткен Ұлттық киім күніне арналған “QUIZ” интеллектуалды ойыны жастардың білімін шыңдап, ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Бұл шарада “Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалының Жастар кеңесінің мүшесі Сәрсен Жанерке үздік ойыншы атанып, өз білімін жоғары деңгейде көрсетті!

Қатысушылар ұлттық тарих пен мәдениетімізге байланысты сұрақтарға жауап беріп, өзара білім бәсекесіне түсті. Мұндай шаралар жастарымыздың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға және оларды рухани тұрғыда дамытуға үлкен әсер етеді.

“Ақ жол” жастары – білімді, патриот жастар!