Ұлттық мүдде ұмыт қалмасын - Казак унi
«Жаңа Жібек жолының бастамасы барлық қатысушы елдердің ұлттық мүдделеріне жауап беруі тиіс!» - деп жариялады «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Пекинде ҚХР басшылығының «Бір белдеу - бір жол» бастамасын талқылаған Азияның саяси партияларының Халықаралық конференциясында жасаған баяндамасында.
«Бізді бүгін осында өз елінде, өз сайлаушылары мен мемлекеттік органдары арасында жаңа Жібек жолының бастамасына («Бір белдеу - бір жол») қолдау көрсетіп, оны одан әрі жылжыта алатын партия ретінде шақырып отыр. Ендеше, алдымен бұл бастаманың іс жүзіндегі практикалық жағдайларына баса тоқталған жөн... Бұл бағытта маған кешегі кездесудегі ҚХР төрағасы Си Цзинпин мырзаның «Бір белдеу - бір жол» бастамасының тек ҚХР ғана емес, сол сияқты әр қатысушы елдің мүдделеріне де жауап беретін болады деген негізгі тезисі ұнады, - деді қазақстандық депутат. - Меніңше, бұл - негізгі мәселе. Себебі әр мемлекеттің ұлттық мүдделеріне сәйкессіз ешбір бастама өз қолдауын таба алмайды».
Азат Перуашев бүгінде бұл мүдделердің, ең алдымен, қаржы ресурстарына қолжетімді болатынын атап өтті. Ал ҚХР аймақ елдеріне қаржылық қолдау көрсетуге қабілетті донорлардың бірі болып табылады. «Біз қытайлық серіктестерімізге осы көмегі үшін алғысымызды білдіріп, мемлекет көшбасшыларының бұндай келісімдерге қол жеткізгенін жоғары бағалаймыз. Алайда, жоғары деңгейдегі келісімдерге толықтыру ретінде біз, парламенттік партия ретінде бизнеспен де, жергілікті қауымдастықтармен де кері байланысты қамтамасыз етуіміз, олармен көтерілетін мәселелерді қалыптастыруымыз керек», - деген пікірін ашық білдірді.
Осыған орай, «Ақ жол» көшбасшысы жана Жібек жолының қандай тәуекелдер мен қауіптерге тап болатындығын немесе қандай мүмкіндіктер мен басымдықтарды иеленетінін алдын ала талқылауды ұсынды.
«Біріншісі, жаңа Жібек жолы жобасы ланхестікке қарсы әрекеттер мен қауіпсіздік мәселелерін шеше ме? Мүмкін, ол басқа бірлестіктердің жауапкершілігіндегі мәселелер шығар, - мысал үшін ШҚҰ мен АСҚШК. Ендеше бүл жауапкершілік ауқымын нақты белгілеп тіркеу қажет. Себебі Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы белгілі оқиғалар одан әрі қолайсыз жалғасын табатын болса, кейбір көршілестеріміз үшін даму мәселелері екінші қатарға сырғып кететін болады.
Екінші мәселе, жобаларды қаржыландыру орасан көп қаражат ағымын білдіреді. Осыған байланысты жемқорлыққа қарсы мәселесі де көтеріледі. Егер де бөлінген инвестициялар жымқырылып, экономикамыздан кететін болса, оның біздің дамуыз бен халық өмірін жақсартуға әсері шамалы болады. Ендеше бүл жобаға қоғамдық сенім мен осы бастамадан күтілетін нәтиже де маңызды. Осыдан бір ай бұрын Қазақстан мен Еуропарламенттің парламентаралық тобының отырысы барысында еуропалық әріптестеріме жемқорлыққа және ақшаның заңсыз шетке шығарылуына қарсы әрекет бойынша бірлескен жұмыс тобын құрауды ұсындым. Осыған ұқсас механизмді «Бір белдеу - бір жол» бастамасы шеңберінде де дайындау мақсатты болады» - деді Азат Перуашев.
Оған қоса, ұлттық мәселелер шеңберінде, оның ойынша, жобаларды оқшаулау міндеттерін шешу қажет болады, себебі, егер де қытайлық инвестицияларға қытайлық компаниялар тартылатын болса, орталықтандырылған азиаттық мемлекеттер үшін «Бір белдеу - бір жол» бастамасынан беретін пайдасы шамалы.
«Ақ жол» КДП депутаттық фракциясының жетекшісі бірқатар техникалық мәселелерді де атап өтті.
«Егер де біз жаңа Жібек жолы туралы практикалық жағынан айтатын болсақ, онда техникалық реттеу мәселесі де анықталу қажет, кері жағдайда өндірістік жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкін емес. Сонымен қатар, инвестициялық климат пен кәсіпкерлік еркіндік, бизнеске арналған жеңілдіктер мен преференцияларды тең құқылы қолдану, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Бұны да күні бұрын ескеруіміз аса қажет.
Бастама барысында еркін сауда аймағы туралы мәселе қозғалды ма? Не болмаса кедергісі көп кедендік кеңістік туралы? Ол валюталық одақтың қалыптасуын қарастыра ма? Мысалы, қатысушы елдердің өзара есептесуіне арналған жалпы төлемдік бірлік ретінде қытайлық юаньді қабылдауды, бұл тіпті оған резервтік валюта дәрежесін беру туралы сөздің барлық деңгейлерде қозғалуында? Ал бұлар болса, қаржылық және банктік реттеу мәселелері ғой» - деп еске салды ол.
Сонымен қатар, Азат Перуашев «Кез келген қомақты жобаның бастапқы кезеңінде дұрыс қойылған мәселелердің шешілуі табысқа дайын жауаптардан кем жемісін бермейді», - деп атап өтті партия жетекшісі.
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 43 (697), 27.10.2015