22
Маусым

Ұлттық мүдденің «жұмсақ күші»

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының лидері

Өткен аптада президент Қ. Тоқаев әр сөзі атан түйеге жүк болып, жеке талдау мен зерттеуді қажет ететін бірқатар тамаша баяндамалар жасады. Соның ішінде ұлттық Құрылтайдың алғашқы отырысында айтқан бірінші баяндамасын мен сол жиынға қатысып, өз аузынан ести алған соң, алдымен Ұлытаудағы оқиғаға қатысты пікіріммен бөліссем деймін. Оған қоса, меніңше, бұл баянадама өзінің тереңдігі һәм көпбағыттылығымен ерекшеленеді.

Келесі күні Қасым-Жомарт Кемелұлы Санкт-Петерборда сөйлеген сөздері үлкен қолдауға ие болып, әлемнің түрлі елдерінің ең қызу талқыланған тақырыптарына айналды. Қ. Тоқаевтың Петербордағы сөзі еш асыра сілтеусіз айтқанда, әлемнің ең негізгі тілдеріндегі барлық пабликтерді жаулады.

Бұл баяндама екі күн бұрын жарияланып, сол кезде-ақ біздің мемлекеттерде өткір пікір талас тудырған оның Россия-24 телеарнасына берген сұхбатын толықтыра түсті.

Меніңше, ресейлік телернаға берілген сұхбат, қазақ хандарының арғы атасы жатқан Ұлытаудағы Құрылтай мен Санкт-Петербор форумындағы сөйлеген сөзі секілді осы үш оқиғаны тығыз жұмыс кестесі, ішкі түйсік ғана емес, сонымен қатар, maxima – яғни, негізді моральды тәртіп, моральды құқық секілді ұғымдар байланыстырады. Ресей дін және саясат институтының президенті Антон Игнатенко ПХЭФ-2022 орын ал*ған пікір талас туралы өзінің фб парақшасына былай деп тектен-текке жазбаса керек: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жер ғаламшарындағы адами және мемлекет аралық қарым-қатынастар тәртібі туралы ұмытпаған бөгде әлемнен келген өкіл секілді» (https://www.facebook.com/anton.ignatenko.7). Осы тұрғыдан алғанда, президенттің үш сөзі де біріңғай пазл ретінде құрылып, тәжірибелік және экзистенциалдық мақсаттар, спикердің дүниетанымдық көзқарастарын тұтастыра отырып бірін-бірі толықтыра түседі.

Сондықтан, Ұлытаудағы қасиетті оқиғадан алған әсерімді жазудан бөлек, мемлекетіміздің басшысы айқын түрде анықтап берген концепцияларға қатысты өз көзқарасыммен бөлісуге жөн деп санадым.

Сонымен, Қазақстан президентінің Санкт-Петерборда өткен экономикалық форумда сөйлеген сөзінде еліміздің сыртқы саясатындағы бірнеше іргелі ұстанымдар талғампаз әрі қысқа да нұсқа түрде көрсетілді. Біріншіден, ең анығы – Қазақстан қазіргі қиын жағдайда да Ресейдің досы болып қала береді. Бірақ, сонымен бірге біздің еліміз Украинаның және басқа елдердің аумақтық тұтастығына қол сұғатын сепаратисттер және агрессорлармен ешқандай байланыста болғысы келмейді. Президент Қ.Тоқаев мұндай әрекеттерді халықаралық құқық тұрғысынан заңсыз деп атап, оны дәйекті түрде  негіздеп берді.

Екіншіден, Қазақстан Ресейдің дамуы мен әл-ауқатының артуына объективті түрде мүдделі. Және ол бұл туралы айтып қана қоймай, халықаралық оқшауланудан құтылудың практикалық жолдарын ұсынады. Атап айтқанда, Батыс әлемімен шектеліп қалмай,  ынтымақтастықтың азиялық векторын дамытып, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасынан бастап, Қазақстанмен өнеркәсіптік ынтымақтастық құру. Қалай болғанда да, бұл геосаяси цугцвангта қалған көршілерімізге біздің позитивистік жолдауымыз.

Бұл ретте біздің республика Ресей Федерациясына салынған халықаралық санкцияларды сақтауға ниетті және үшінші елдермен сауда соғысына түсуге жол бермейді (жоғарыда аталған «Россия-24» телеарнасына сұхбатты қараңыз).

Үшіншіден, Қазақстан өз президенті арқылы Украинаның ЕАЭО тыс қалғанына өкініш білдірсе де, украин халқының Еуропалық Одақпен интеграциялық таңдауын қолдайды. Тіпті, Украинаға осы ұйымға кіруге көмектесуді ұсынады. Қ.Тоқаев мұндай таңдауды жүзеге асырудағы қиындықтарға назар аударды, бірақ, достас халықтың ниетін қолдап, ақ жол тіледі. Еуразиялық ынтымақтастық ЕАЭО-пен шектелмейді және Қазақстан барлық серіктестер үшін, оның ішінде Украинаға да, ашық екендігі астарлап айтылған.

Төртіншіден, Қасым-Жомарт Кемелұлы имперлік көзқарастан әлі арыла алмай, Қазақстан туралы даулы пікір айтатын ресейлік пропагандистерді бір сыбап алды. Президент ел алдындағы қатаң сынын Кремльдің және жеке В.Путиннің Қазақстанға жала жабатын көкезулердің айтқанынан әлдеқайда өзгеше достық ұстанымымен байланыстыра білді. Және мұндай пікірлер Қазақстанға емес, Ресейдің өзіне зиян келтіретінін атап өтті.

Осы орайда Қазақстандық лидер елімізде тұрып жұмыс істеуге келіп жатқан Ресейліктерге қатысты орынды пікір білдірді:  “Біз оларға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз”.

Айта кетерлігі, мемлекет басшысының ішкі ақпараттық кеңістікте де  Қазақстан Республикасының орыстілді азаматтарын қолдап, Ресей Федерациясымен достық қарым-қатынаста орнатудағы ұстанымы берік – тұтастай қазақ тілінде жасал қазақ аудиториясына бағытталған Құрылтайдағы баяндамасын алып қараңыз.  «Біздің елде ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс... Тіл мәселесі бойынша бәріміз ұстамдылық танытуымыз керек деп ойлаймын... мысалы, тіл патрульдеріне жол бермеуміз қажет» - деді президент.

Оның үстіне, мұндай ұстанымды көршіміздің алдындағы мәжбүрлі қадам деп атауға болмайды – Қ.Тоқаевтың қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға жасалға көмекті қарыз деп санайтындарға қалай жауап бергенін еске алайық: көмектескен Ресей емес, көмектескен ҰҚШҰ, Қазақстан бұл ұйымның толыққанды мүшесі болып табылады (Россия-24).

Яғни, бұл тіл мәселесінде біреуге есе жіберу емес, мемлекет басшысының таңдап алған бағдарының дұрыстығына сенімділігі. Біздің партияның да тіл мәселесінде өз ұстанымы бар, бірақ, Қ.Тоқаевтың іс-әрекеттерінің реттілігін де мойындамауға болмайды, оның нәтижелілігін жақында өткен Конституциялық референдум мен Санкт-Петербордағы пікірталасы анық көрсетіп берді.

Президент өзінің батыл ұстанымдарын ұлт санасының қайнары мен ұлт мүддесінің өзіндік түсінігінен алатынына өте ұқсайды. Ұлытаудағы жиында бұл ерекше сезілді: Қ. Тоқаев атап өткендей, құрылтайлар Алтын Орданың құрылуы, жоңғар шапқыншылығына төтеп беру, Алаш Республикасын құру секілді ел үшін маңызды сын сағаттарда жиналған.

Сол себепті Құрылтайдың жандануы – ата тарихымызға тағзым ғана емес, ұлтымыздың алдындағы үлкен жауапкершілік. Конституцияның жаңаруынан кейінгі халықтың үміті мен сенімі үшін жауапкершілік; бүкіл қоғамды (билікті ғана емес!) сөз емес, іс жүзінде бір бағытта жұмылдыру, игілікке бастайтын терең өзгерістерді жүзеге асыру, Жаңа Қазақстан мен Екінші Республика туралы мәлімдемелерді ақтау.

Қызылкеңірдек болып сын айтатын керітартпалар да бар. Қоғамның шынайы көзқарасы мен ұстанымын олар емес, күнделікті қажырлы еңбегімен жаңа Қазақстанды құрып жүргендер анықтайды.

Тәуелсіз мемлекет тұрғысынан қазақстандық ұлттың өткенін жаңаша қабылдау, оның күн тәртібіндегі мәселерін қалыптастырып, болашаққа деген жоспарларын анықтау мақсаты да осыдан шығады. Әлемдегі өз орнымызды, ұлттың түпкі мүддесі үшін координаттың жаңа жүйесін, жаңа бағдарлар мен басқарудың жаңа моделін табуымыз керек.

Қысқаша айтқанда – біз кімбіз, бағытымыз бен мақсатымыз қандай?

Ия, нарықтық экономика, парламентаризм институттары және өзге де мәселелер бойынша «Ақ жол» партиясының өз таным-түсінігі бар. Бұл туралы да Қасым-Жомарт Кемелұлы Құрылтайда айтып өтті: «Біз түрлі көзқарас, біртұтас ұлт қағидатын берік ұстануымыз қажет». Қазақстан халқы президент пен Конституциясына өз тағдырын сеніп тапсырды, оның мақсаты – біртұтас мемлекеттік жігер ғана кепілі бола алатын мықты мемлекет құру: мықты президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет.

Жалпы, Тоқаевтың осы аптада сөйлеген сөздері дипломатия мен мемлекетшілдіктің мастер-классы деп санауға болады. Әсіресе, Қасым-Жомарт Кемелұлының аудиторияға ұнамайтын тақырыптарды сыпайы түрде, кейде күлімсіреп жеткізе білуі құрметке лайық. «Жұмсақ күш» деп осыны айтса керек.

Бұл тіпті көп векторлы саясат емес. Бұл диалектика, дилеммалар мен қарама-қайшылықтардың қақтығысы. Саналы ғана емес, философиялық тұрғыда таразыланған және теңшелген таңдау жасау қажеттілігі.

Тоқаев Қазақстанның ұлттық мүддесін бәрінен жоғары қоятынын көрсетті. Тамаша!