14 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты
М.Әуезов атындағы кітапханада «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы»
тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Мерекелік іс-шараға «Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалы, түрлі ұлт
өкілдерінің басын қосқан «Очаг» және «Өркениетті адам» клубтарының мүшелері
шақырылды.
Ұлыс күні – әз Наурыз мерекесіне арналған арнайы кітап көрмесі
таныстырылып, облыстық «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды
өткізетін орталықтың» жас өнерпаздары күй тартып, би биледі. Әннен шашу шашты.
Іс-шара соңында партия филиалының баспасөз хатшысы кітапхана ұжымына филиал
төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбековтің Алғыс хатын тапсырып, мерекемен құттықтады.