23 наурыз 2020 жыл, Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
Өткен жұмада Мәжілісте Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен өткен Сот-құқықтық реформасы комитетінің отырысы болып, онда «Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев "Парламенттік оппозиция туралы" заң жобасын ұсынды. Отырыс барысында заң жобасы талқыланып, атап айтқанда, депутат Магеррам Магеррамов парламенттік оппозицияның анықтамасын енгізудің қажеттілігі жоқ екенін айтты. Оның айтуынша ҚКХП партиясы өзінің бағдарламалық құжаттарында өзін оппозиция деп жариялаған. Сонымен қатар, ол оппозицияның Мәжіліс комитеттерінде сөйлеу немесе төрағалық ету құқығын бекітуді қажет деп санамайтынын атап өтті.
Ал, Азат Перуашев партияның бағдарламасында өзін оппозиция деп бекіту - партияның сайлау алдындағы ішкі құжаты екенін жеткізіп, партияның негізгі құжатында ол өзінің оппозициялығын мәлімдеу, яғни сайлауда өзінің жеңілісін алдын ала бағдарлау екенін түсіндірді. "Партияның негізгі құжатында оппозиция болатынын жариялау дегеніміз, бұл сайлауда жеңілісті алдын ала жоспарлау. Сонымен бірге, кез-келген нақты партия билік үшін күресуі, басқарушы партия болуға ұмтылуы керек деп мәлімдеді. Партия сайлау алдында емес, сайлау қорытындысынан кейін оппозицияға көшеді, партия оппозицияда болуды басты мақсаты етпеуі қажет. Кез-келген партияның мақсаты - жеңіске жету және ел мен өмірдегі өзгерістерге қол жеткізу. Бірқалыпты жүйеде билік тұрақты түрде ауысып отырады, сондықтанда кез - келген партияның билікке ерте ме не кеш пе келуге мүмкіндігі бар, – деп санайды Азат Перуашев. Әрине, бағдарлама ішкі құжат болып табылады және әр тарап оны өз қалауы бойынша қабылдайды. Заң жобасының міндеті - тек «Ақ жол» немесе «ҚКХП» үшін емес, барлық партиялар үшін тең жағдай жасау.
Азат Перуашев сонымен қатар парламенттегі барлық партияларды оппозиция деп санай алмайтындығын, тіпті бағдарламада өзінің оппозициясын жазып, содан кейін билікпен келісетін барлық партияларды оппозиция деп қарастыруға болмайды деп түсіндірді. Сонымен бірге Азат Перуашев парламенттегі кез келген партия өзінің бағдарламасында оппозициялық партия екендігін көрсетіп, барлық мәселелер бойынша билік партиясымен келісетін партия оппозиция саналмайтынын айтты. Заң жобасының авторы құжатқа мынандай анықтаманы: «парламенттік оппозиция дегенміз- үнемі билік партиясын сынайтын және балама ұсыныстармен шығатын партия саналады» деп енгізді.
Заңда оппозицияның сөйлеу құқығын қамтамасыз ету идеясына келетін болсақ, бұл «Ақ жол» партиясының депутаттарын бірнеше рет сөзден айыру нәтижесінде пайда болды. Азат Перуашев алдыңғы шақырылымда «Ақ жол» ҚДП депутаттарына, оның ішінде өзіне де бес рет микрофонды өшіргенін, оның ішінде парламент палаталарының бірлескен отырысында үкіметтің жылдағы есебін талқылау кезінде өшірілгенін еске салды. Мұндай фактілерді Комитеттің жұмысына қатысқан басқа депутаттар да растады.
«Сондықтан да оппозиция өкілдернің парламенттің кез келген отырысында сөйлеуіне кепілдік жасау маңызды мәселе» деді заң жобасының авторы.
«Ақ жол» партиясы сонымен бірге, бюджет комитетінде де өз ұсыныстары бойынша төрағалық ету өте маңызды деп санайды. Билік партиясының бюджет шығындарына иелік етуін бақылау демократиялық тежеуіш және қарама - қарсылық принциптеріне қарай болуы қажет деп санайды. «Ақ жол» партиясының маңызды ұсыныстарының бірі- оппозицияның Үкімет ұсынған заң жобаларына қарсы балама заң жобаларды енгізу құқықтары; олардың тақырыптарын парламенттік тыңдауларда және сессияның парламенттік сағаттарында анықтау қажет», - деп мәлімдеді «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев. Сонымен бірге Азат Перуашев әріптестерінің барлық ұсыныстарын жұмыс тобының шеңберінде талқылауға дайын екенін білдірді.
Депутат Василий Олейник Әділет министрлігінде ВАК талқылау кезінде мемлекеттік органдар осы заң жобасы негізінде парламенттік оппозиция қызметін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде насихаттауға қарсы болғанын еске салды. А.Перуашев қорытынды сөзінде, бұл норма бюджет шығындарын тудыратынын, бірақ бұл мәселені қазіргі қолданыстағы билік партиясының қызметін ғана насихаттайтын мемлекеттік ақпарат тапсырыстары шеңберінде шешуге болатынын түсіндірді. Сөйткенмен де заң жобасын әзірлеуді тоқтатпау мақсатында, ол заң жобасы құжатының авторы ретінде мемлекет органдарының қарсылығын туғызған бірнеше нормаларды алып тастауға мәжбүр болғанын айтты.
Заң жобасын қабылдау туралы ұсынысты комитет төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ депутаттар Нұрлан Дулатбеков, Арман Қожахметов және басқалар қолдады. Пікірталас қорытындысы бойынша сот-құқықтық реформалар жөніндегі Комитет парламенттік оппозиция туралы заңнама жобасы бойынша жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылдады, жұмыс тобының жетекшісі болып «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары - фракция мүшесі, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов тағайындалды.
2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Тоқаев Парламенттегі саяси азшылық құқықтарын заңмен бекіту туралы ұсынғанын еске саламыз. «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы әзірлеп, ЕҚҰО тарапынан жоғары баға алды, заң жобасы «Ақ жол» партиясы депутатарының өңірлерге сапары барысында талқылаудан өтті. Осы жылдың 26 ақпанында заң жобасы ҚР Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссия отырысында талқыланды.