21 қазан 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Қаралып отырған заң жобасы мемлекеттік кірістер мен шығыстардың тұрақтылығын және бюджеттің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы жылы Ұлттық қордың активтері 26,6 триллион теңгеге дейін төмендеді және өзінің ЖІӨ болжамды шекті мәнінің 30% (2021 жылға арналған болжам бойынша ЖІӨ 76,7 триллион теңге) жақындады.
Сонымен бірге 2021 - 2022 жылдары Ұлттық қорға мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салық түсімдерінің болжамы 1,9 триллион теңгені құрайтынын атап өткен жөн. Ал 2023 жылы - 2,2 триллион теңгені құрайды. Қор активтерін басқарудан түсетін жыл сайынғы инвестициялық кіріс 3% деңгейдегі индикативтік орташа жылдық кірістілік кезінде шамамен 681 млрд.теңге көлемінде болжанып отыр.
Өз кезегінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттер ғана 2021 жылы - 2,7 триллион теңге, 2022 жылы - 2,4 триллион теңге және 2023 жылы - 2,2 триллион теңгені құрайтын болады.
Ұлттық қор көлемінің шекті мәннен төмен төмендеуінің нақты қаупі бар және соның салдары ретінде қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін табиғи байлықтарды пайдаланудан кірістерді үнемдеу саясатынан бас тарту мүмкін екендігі анық.
Қазіргі сын-қатерлер Үкіметтің осы жағдайды түбегейлі өзгерту жөнінде шараларды шұғыл қабылдау керектігін көрсетеді.
Өз тарапынан «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың міндетті шығыстарын қатаң регламенттеу қағидаттарын енгізуді қажет деп санайды:
- мемлекеттің өз азаматтары алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін ғана кепілдендірілген трансферттер;
- ашық қолжетімділікте оларды іске асыру нәтижелеріне, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін тиісті мониторингтеу жүйесімен орта және ұзақ мерзімді келешекте экономикалық өсуді қамтамасыз ететін жобаларды қаржыландыру үшін ғана берілетін нысаналы трансферттер.
Кепілдендірілген трансфертті ынтымақты және базалық мемлекеттік зейнетақыларды төлеуге бағыттау жоспарланғанын ескере отырып, «Ақ жол» фракциясы аталған заң жобасын қолдауға болады деп санайды.