18
Ақпан

Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Жетісай қаласында

18 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалы 

Мектеп жанындағы Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының мүсінінің айналасы өңірдегі «ақжолдық» депутаттардың демеушілігімен қайта жаңартылды.

Бүгінгі шара барысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, тал екті.

Жиынға жиналғандар мектеп ішінде  ақынның атына ашылған электронды кітапханасымен  де танысып шықты. Сонымен бірге, халық қалаулылары естелік қолтаңба қалдырып, мектептің жұмысына оң бағасын берді.

- Алаш қайраткерлерінің еңбегі әсіресе жас буынға үлкен өнеге болсын. Келешек ұрпақ біздің бейбіт күндерімізді, Тәуелсіздігімді қадірлеп жүре берсін, - деді Азат Перуашев.

Жиын соңында депутаттар 50 оқушыға спорттық киімдер үлестірді.

- Бұл алаңшаның ашылғаны мектеп оқушылары үшін жақсы болды. Біздер күн жылынса, барлық іс-шараларды осы аллеяда өткіземіз. Өйткені, Алаш арысы Ахмет Байтұрсыновты кейінгі ұрпаққа айту, шығармашылығын насихаттау біздің басты міндетіміз, - дейді мектеп директоры Гүлмира Саурбаева.

Аталған мектеп 1974 жылы 624 оқушыға салынған. Білім ошағы ашылғанда 2000 оқушы қазақ, орыс сыныптарында білім алған болса, қазір тек қазақ тілді 900 оқушы білім нәрімен сусындауда. Сондай-ақ, мектепте 84 мұғалім жұмыс істейді. 50 жылға жуық тарихы бар мектептің бұрынғы атауы А.С. Пушкин болған екен.

Мұнан соң депутаттар Жетісай қаласындағы күн электр станциясына барып, оның жұмысымен танысты.  

Бұл станция сағатына 5 Мбт, күніне 30-35 Мбт электр энергиясын өндіреді. Бұл дегеніміз - Жетісай қаласының жартысын электр қуатымен қамти алады деген сөз.  

2020 жылдың наурыз айында ашылған өндіріс орны 12 адамды жұмыспен қамтып отыр.  Өндірілген қуат - электр желілерінің бірі “Kegoc”- қа жіберіп, олар жарықты таратушы мекемелерге жолдайды.

- Біз панельдерді Қытайдан алдырттық. Төменгі жағындағы сым тетіктер мен басқа да қондырғылар Германиядан әкелінген. Бұл жобаны «Жасыл энонмиканы дамыту» бағдарламасы аясында іске асырған болатынбыз. Біздің негізгі түпкі мақсатымыз -  электр жарығына деген тапшылықты азайту, сонымен қатар, табиғаттың бізге берген нығметін пайдаланып қалу, электр энергиясын өндіру. Жаңартпалы энергия көздерін дамыту. Бұл жерде тек күн сәулесіннің ғана емес, желдің, судың қуатын, жер асты жылуын пайдалануға болады. Бірақ бұлардың ішінде ең тиімдісі - осы күн электр станциясы, - дейді өндіріс басшысы Данияр Толыбаев.

Одан әрі халық қалаулылары Шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Шаруалар мен кәсіпкерлер өз саласына қатысты мәселерді ортаға салды.  

- Бізде 30-40 мың гектар жерге мақта егіледі. Мақтаның отаны саналатын өңірге силитра кеш келеді. Біз осы мәселе оң шешімін тапса дейміз. Мақта өзі құнық ақтамайды. Солярканың да бағасын шарықтап тұр. Сондықтан, егін егуге келгенде тәуелге бару қиынға соғады, - дейді  шаруалар.  

Бұдан бөлек, тұрғындардың көтергені жол мәселесі. Жетісайда 110 елді мекен бар, оның 7-еуі құмды жерде орналасқан. Қала ішінде 1000 ға жуық көше бар. Өткен жылы 2 млрд. теңгеге көше жөнделген.

Әкім орынбасарының айтуынша, көшелер кезекпен жөнделетін дүние. Қазіргі таңда 106 көше жөндеуді қажет етеді. Оларды бірден жөндеп шығу мүмкін емес. Бес жылға құрған жоспарымыз бар.  Жүйелі жоспар бойынша іске асады.

Сонымен бірге,  үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету мәселесін көтерген тұрғын халық қалаулыларынан көмек сұрады. Ал,  ғимараты бар, бірақ мектепке дейінгі білім беру ұйымын аша алмай отырған кәсіпкер де проблемасын айтты.

Мәжілісімендер әрбір жетісайлықтың мұң-мұқтажын тыңдап,  айтылған мәселерді назарға алып, «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмысында қаралатынын жеткізді.

Жиын соңында партияға мүше болған азаматтарға партия билеті мен төсбелгі табысталды.