18 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облысындағы филиалы
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген «Ақ жол» фракциясының депуттаттары Берік Дүйсенбинов пен Ерлік Өмірғали, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Жорабек Прманов, партиядан сайланған облыстық және қалалық мәслихатының депутаттары Талғат Өмірзақұлы мен Ғибрат Байсейтов, облыстық филиал заңгері Нұрлыбек Амангелдиевтер өңірдегі партия белсенділерімен кездесіп, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.
Партия белсенділері, блогер Серік Ерімбетов пен Павел Горбачев қала аумағындағы қоғамдық көліктер қаланы толық қамтымайтынын және көлік сапасының сын көтермейтінін айтты.
Сонымен бірге бөлшек саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлер тері бұйымдарын таңбалауға байланысты мүшелік жарнаның жыл сайын өсуі, банктер тарапынан төлем қабылдағанда банктік пайыздық үстеме ақының көптігі туралы кедергілер бар екенін жеткізді.
Одане әрі депуаттар бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізді.
Брифингте партияның бағдарламасы, іс-сапар мақсатын және журналистер қойған сұрақтарға жауап берді.
Мәжілісімендер келесі күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына барды. Сапар барысында Жайылма ауылындағы «Орда Сығанақ» шипайжайының жұмысымен танысты.
«Орда Сығанақ» шипажайын Жаңақорған ауданының кәсіпкері А.Ибрагимов «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп 2020 жылы іске қосқан. Шипайжайда 60 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған. Кәсіпкер шипажай жанында жеміс жидек бағын орналастырып, қосымша 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Шипажай өкілдері интернет желісінің жоқтығынан демалуға келетін келушілердің аздығын, аудан орталығынан тіке келетін тас жолдың жоқтығын айтты.
Мұнан соң халық қалаулылары Жаңақорған ауданындағы Жаманбай ауылына барып, су қоймасын көрді.
Тұрғындардың айтуынша су қоймасында жиналған су қорының әр литрін үнемді және тиімді пайдалану үшін су қоймасынан көрші елді мекендерге суды жеткізу мақсатында науалық суғару жүйесі (инженерно-гидротехнический лоток) құрылысын жүргізу керек.
Жоба негізінде Науалық суғару жүйесі құрылысының ұзындығы 18,6 шақырым, оның ішінде Бесарық ауылы - 11,1 шақырым, Кеңес ауылы - 7,5 шақырым. Осы жобаға облыс бюджетінің мүмкіншілігі шектеулі. Сол себепті 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау барысында жобаға республикалық бюджеттен облыстық бюджетке трансферт арқылы іске асыруға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жоба үшін 964,8 млн. теңге бөлуге ұсыныс жасалған. Аталған ведомство ауыл тұрғындарына бұл жобаға қаржы бөліну мәселесі Қаржы министрлігіндегі жауапты департаменттің қарауында екені хабарлаған. Д
епутаттар аталған мәселе бойынша мемлекеттік органдармен байланысып жобаның іске асыруға ықпал жасайтындарын жеткізді.