14
Шілде

Мәжіліс депутаты Дәния Еспаеваның Ақтөбе өңіріндегі сапары жалғасуда

14 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының депутаты Дәния Еспаева, партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов Мұғалжар ауданына барды.

«Ақжолдықтар» алдымен Қандыағаш қаласындағы №1 жалпы білім беру орта мектебінің жаңа ғимаратын аралады. Ғимарат 2017 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. 2019-2020 оқу жылын 876 оқушымен аяқтап, 44 түлек бітіріп, 6 оқушы «Алтын белгі» иегері атанған.

Сондай-ақ халық қалаулысы Ахмет Жұбанов атындағы балалар саз мектебінің музыкалық кабинеттеріндегі жабдықталу жағдайымен танысты.

Мұғалжар аудандық ауруханасының жөндеу жұмыстары жүргізілген 3 және 4 қабаттарында орналасқан терапия бөлімін аралап, жаңадан ашылған «MEDLIFE+» медициналық гемодиализ орталығының жұмысымен танысты.

Мұнан соң кәсіпкерлер палатасында Ақтөбе облысының кәсіпкерлерімен кездесіп, Парламентте қаралып жатқан бірқатар заң жобаларына қатысты пікір білдірді және кәсіпкерлердің өзекті мәселелерінің шешу жолдарын талқылады.

Сонымен қатар, Мәжілісімен металл конструкциясы зауытына барды. Кәсіпорында 200-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Зауыт ұжымы пандемияға қарамастан барлық жұмыс орындары сақталып, тұрақты түрде жалақы алып отырғандарын айтты.

«Глобал Спецодежда ӨБ» ЖШС арнайы киім тігетін ірі кәсіпорында  200-ге жуық қызметкерді жұмыспен қамтамассыз етіп отыр. Қазақстанның ірі компанияларымен арнайы киім тігуге ұзақ мерзімді келісімшартқа тұрған. Соның арқасында кәсіпорын басшылығы өндірісті кеңейтіп, жаңа цех салып, заманауи жабдықтар сатып алған.