08
Шілде

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Ақтөбе өңірінің өндіріс орындарын аралады

8 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық филиалы

ҚР Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Ақтөбе облысына арнайы сапармен барды.

Сапар барысында халық қалаулысы «Ақ жол» фракциясының Ақтөбе облыстық маслихат депуттаттарымен кездесті.

Кездесуде мәслихат депутатының құқықтары мен міндеттері туралы кеңесін берді.

Мұнан соң депутат Хромтау ауданындағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Сондай-ақ, аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан Жазық ауылындағы «Ақмез» күнбағыс майын шығаратын зауытқа барды. Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалармен танысты.

Сонымен қатар, «Дон» тау-кен байыту комбинаты, «Қазхром» ТҰК-сы, «Восход ORIEL» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жүйесін және салық салу жүйесін талқылады.