21
Ақпан

Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев фермерлермен кездесті

21 ақпан 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Ерлан Барлыбаев Батыс Қазақстан облысындағы өсімдік майын қайта өңдейтін қазақстандық өндіруші "Пойма Май комбинаты" ЖШС-нің жұмыс барысымен танысып, ұжыммен кездесті.

"Пойма май комбинаттары" ЖШС бүгінде тәулігіне 150 тоннаға дейін шикізат өңдейді, дайын өнім көлемі - жылына 50 мың тоннаға жуық. Кәсіпорын 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

БҚО-да күнбағыс майын өндірушілер өнімді экспорттай алмай отыр. Тауарларды шетелге жеткізуге қойылатын шектеулер күнбағыс өсіретін кәсіпорындар мен фермерлердің жұмысына оң әсерін тигізбеген. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер "Ақ Жол" партиясының өкілдерімен мәселені талқылады.

Сонымен бірге, шаруа қожалықтар өкілдері ауыл шаруашылығының дамуына кедергі келтіретін басқа да бірқатар мәселелерді қозғады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын шектеудің негізгі мақсаты - жергілікті деңгейде тауар бағасын төмендету. Өнімнің бағасы біршама түсті. Бірақ бұл жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерін сатуда қиындық туғызады.

Тауарды экспорттау мүмкіндігінің жоқтығынан капитал ағыны мен салық түсімдері жоқ деп шағымданып отыр кәсіпкерлер. Тауарды экспорттауға тыйым салу бүкіл өндірістің дамуына кедергі келтіреді.

Депутат Ерлан Барлыбаев кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, экспортқа қойылған шектеулер бағаны тұрақтандыру мәселесін шешпейтінін, сайып келгенде қымбатшылықты одан сайын ушықтыра түсетінін айтты. Бүгінде май зауыты шаруа қожалықтарынан күнбағыс тұқымын қабылдай алмайды. Депутаттармен диалог барысында фермерлер тағы да бірқатар мәселелерді, соның ішінде несие беру және субсидиялау жағдайларын айтты.

"Ақ жол" партиясының өкілдері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге барлық мәселелерді үкіметке жеткізуге уәде берді.

Мұнан соң мәжілісімен ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді анықтау, сондай-ақ мамандарды толғандыратын сұрақтарға жауап іздеу мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары, "Ақ жол" партиясының өкілдері, ғалымдар мен профессорлар қатысты. Кездесуде ветеринария мәселелері және оларды шешу жолдары мен түйткілді проблемалары айтылды. Сондай-ақ депутаттарға аталмыш саланың өзекті тұстарын жеткізді.

Ең өзекті мәселе - білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Осылай деген профессорлар қауымы қазіргі уақытта өңірде жас мамандар жетіспейтінін атап өтті. Мұның себептері де жетерлік. Жалақының төмендігінен бастап қажетті жабдықтар мен құралдардың жетіспеушілігі. Ең қиыны - мал дәрігерлерінің жұпыны жағдайда жұмыс жасауы.

Ветеринария саласындағы өзге де проблемаларды шешу мақсатында алдағы уақытта бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Ал бүгінгі жиынға қатысушылар барлық көтерген мәселелер жауапсыз қалмайды деп отыр. Оны арнайы келген депутаттар да басты назарда ұстамақ.