05
Мамыр

Махсуд Хажиев аудандағы ауызсу мәселесімен танысып шықты

5 мамыр 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының өкілі, Сауран аудандық мәслихатының депутаты, Сауран-су мекемесі директорының міндетін атқарушы Махсуд Хажиев аудандағы ауызсу мәселесімен танысып шықты.                    

Сауранда 12 ауыл, 31 ауылдық округ бар.  Ал тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін  28 су жинағыш орнатылған. Су моторы кейбір ауылдардарға  8 сағат, кейбіріне 12 сағат, енді біріне 14 сағат қана қосылады. Болашақта 24 сағат бойы қосу жоспарлануда.

Тексеру барысында Сауран ауданы Жүйнек ауылындағы су қоймасында орналасқан ескі су моторы жаңасына ауыстырылды. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының таза ауыз суға қолжетімділігін жақсарту мақсатында жүргізілді.

Бұрынғы су моторы тозығы жетіп, жиі істен шығатын болған. Жаңа мотор орнатылғаннан кейін су беру тұрақты режимге көшіп, ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасалды.