24
Сәуір

Майра Садуақасова мен Сейсекүл Әбдісаттарова колледж студенттерімен кездесті

24 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы Орта Азия психология Академиясының мүшесі, психолог Майра Садуақасованың өңірдегі колледждердің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

 Іс-шарада партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова сөз сөйлеп, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «Ақ жол» партиясы филиалының облыстық білім басқармасымен бірлескен іс-шаралары жоспары аясындағы кездесудің мән-мазмұнына тоқталып өтті.

Майра Садуақасованың «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың психологиялық сауаттылығы» тақырыбындағы шеберлік сағаты ашық диалог форматында өтті. Аталған тақырыптың қоғамдағы өзектілігі жастардың қызығушылықпен сұрақтар қойып, белсенді қатысуынан көрініп тұрды.

Сейсекүл Дүйсебайқызы партия филиалы жастар арасындағы келеңсіз жайттардың алдын алуға ықпал ету үшін психология саласындағы білікті маманды арнайы шақырып, осындай кездесулер ұйымдастырып отырғанын айтты.