24 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастыруымен Орта Азия психология
Академиясының мүшесі, психолог Майра Садуақасованың өңірдегі колледждер мен
жоғары оқу орындарында мамандармен, студент жастармен кездесулерін өткізу
жоспарланған.
Партия филиалының шақыртуымен арнайы келген Майра Садуақасованың жұмыс
кестесі жергілікті Jambyl телеарнасының «Рауан» таңғы танымдық бағдарламасында
сұхбат беруден басталды.
Таңғы бағдарламада партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл
Әбдісаттарова отбасылық құндылықтар туралы әңгіме өрбітіп, жастар тәрбиесі
туралы ой-пікірімен бөлісті. Сондай-ақ партия тарапынан жастарды қолдау
бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Айта кету керек, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «Ақ жол» партиясы
филиалының облыстық білім басқармасымен бірлескен іс-шаралары жоспары аясында
Майра Садуақасованың «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың психологиялық сауаттылығы»
тақырыбындағы шеберлік сағаттары бірнеше оқу орнында өтеді.