23
Ақпан

Мал шаруашылығы – ата кәсіп

22 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалы

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Азамат Әбілдаев, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Қайнар Аббасов Түркістан облысының Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды.  

Мәжілісімендер ауылдың әл-ауқатын көтеруге, аграрлы өнеркәсіп соның ішінде мал шаруашылығына қатысты өзекті мәселелерді тыңдады. Қазіргі уақытта Сайрам ауданында  егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп салалары жақсы дамыған.

Өңірдегі ең ірі мал бордақылау кешені «Нұрым Групп» ЖШС жаңа технологияны ендіріп, қосымша 5 мың бас бұқаша алып, бордақылау кешеннің сыйымдылығын 12 мың басқа жеткізген. Сонымен бірге, депутаттар осы мал бордақылау кешенінде қосымша құрама жем шығаратын цех және мал сою алаңында көрді.

Серіктестік басшылары, бүгінгі таңда мал бордақылау алаңында 12 000 бас ірі қара мал барын айтты. Онда 5000 тоннаға дейін ет дайындалады. Бір жылдық табысы 3 млрд теңгені құрап отыр. Серіктестікте 60-қа жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Кәсіпкерлер отандық ет өніміне сұраныстың өте жоғары екенін жеткізді. Бірақ ет өнімдерін экспорттау барысындағы кедергілер барын, қызыл етті экспортқа шығару үшін жағдай жасалса дейді.