29 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы, облыстық мәслихаттағы тұрақты
комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков депутаттардан құрылған жұмыс
тобымен бірге Жуалы ауданындағы құрылыс нысандарына зерделеу жүргізді.
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы, облыстық мәслихаттағы тұрақты
комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков депутаттардан құрылған жұмыс
тобымен бірге Жуалы ауданына барып, елді мекендерде жүргізіліп жатқан ауызсу
нысандарының құрылысымен танысты.
Зерделеу барысында әлеуметтік мәні бар құрылыстардың сапасына баса мән
берілді.
«Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы (НС-1 су сорғы ғимараты құрылысы) –
депутаттар назарында. Мұнда құрылыс жұмыстары мен құжаттамаларына қатысты
бірқатар мәселе бар. Сондықтан, зерделеу кезінде бұл су сорғы ғимаратын арнайы
барып көрдік», - дейді Мұқанбетәлі Жеңісұлы.
Депутаттар сондай-ақ Жуалыдағы картоп өсіретін «Зылиқа» шаруа қожалығының
өнім сақтайтын қоймасын арнайы барып көрді. Бұл – облыс тұрғындарын таза,
табиғи өніммен қамтып отырған іргелі әрі ірі шаруашылық.
