27
Тамыз

Мұқанбетәлі Шалқарбеков кезектен тыс сессия отырысына қатысты

27 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Кеше “Ақ жол” ҚДП-ның Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс өткен жиырма бесінші сессиясына қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша “2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы” Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №20-4 шешіміне өзгерістер енгізілді.

“Аталған мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы С.Абдралиева хабарлама жасады.

Облыстық бюджет қаржысын тиімді игеруге қатысты біздің, яғни депутаттардың сұрақтары мен талқылауынан кейін тиісті шешім қабылданды”, - дейді Мұқанбетәлі Жеңісұлы.