19 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
“Ақ жол” ҚДП Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты
комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков облыс әкіміне депутаттық сауал
жолдады.
Облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының облыста
іске асырылу барысы» мәселесі алдын ала талқыланды.
Жиында өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты өзекті
түйткілдер қаралып, сессия қарауына енгізілетін нақты ұсыныстар әзірленді.
Күн тәртібіндегі мәселені жан-жақты зерделеу үшін депутаттардан құралған
жұмысшы тобы өңірдегі емдеу мекемелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын.
Мұқанбетәлі Жеңісұлы облыс әкімі Е.Қарашөкеевке арнайы топпен жүргізген
зерделеу кезінде анықталған кемшіліктерді жою және орын алған заңбұзушылықтар
бойынша шара қабылдау туралы ұсынып, депутаттық сауал жолдады.
“Өткен жылы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала ұйымдарында
тамақтану стандарттары талаптарының сақталуы туралы мәселесі сессияда қаралып,
кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілген. Өкінішке қарай денсаулық сақтау
саласы мекемелерін азық – түлікпен қамтамасыз етумен айналысатын кәсіпкерлер,
көбінесе, шетелдік арзанқол, сапасы күмәнді өнімдерді жеткізуді жалғастырып
жатқандығы анықталды. Құжаттар бойынша
отандық тауар өндірушілер, ал шын мәнінде, мұхиттың арғы жағынан немесе
Ресейден келген тауарлар. Кәсіпкерлермен келісім-шарттың сапасыз жасалуы, яғни,
техникалық сипаттама сапасы әліде сын көтермейді. Осы себепті сары майдың
орнына маргарин, ірімшік өнімінің орнына құрамында сүт алмастырғышы бар
шетелдік (сырный продукт) тауар берілуде. Бұл мәселе бойынша анықталған
кемшіліктерде зерделеу жұмыстары барысында Байзақ аудандық ауруханасы көш
бастап тұрғандығы анықталды. Осы сынды өрескел бұзушылықтар басқа да
медициналық ұйымдарда бар”, - дейді Мұқанбетәлі Шалқарбеков.


