21 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты
комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков бүгін Шу ауданына іс-сапармен
барып, аудан басшыларымен кездесті.
Мұқанбетәлі Жеңісұлы Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібековпен, аудандық
мәслихаттың төрағасы Жасұлан Әбеновпен кездесіп, бірқатар әлеуметтік
мәселелерді талқылады.
Бұдан кейін Шу аудандық орталық ауруханасына барып, емдеу мекемесінің
жұмысымен танысты. Бас дәрігер Жайдар Әйтишевпен кездесуде елді мекендердегі
медициналық ұйымдардың жай-күйі, маман тапшылығы мәселесін шешу жолдары сөз
болды.
Сондай-ақ ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесі
қозғалды. Облыс орталығынан шалғай жатқан ауданда дәрігерлік көмектің
қолжетімді болуы маңызды екені айтылды.