28 қараша 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының,
облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков Шу
ауданына жұмыс сапарымен барды.
Мұқанбетәлі Жеңісұлы бастаған арнайы жұмыс
тобы аудандағы елді мекендердің сәулет келбетін жақсарту және көркейту
бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын зерделейді.
Сондай-ақ «Жамбыл облысында қоршаған
ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып
жатқан жұмыстар туралы» мәслихат шешімінің орындалу барысын қадағалап, облыстық
мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын мәселе бойынша материал әзірлейді.
Жұмыс тобы 25-30 қараша аралығында Шу, Қордай, Сарысу, Талас аудандарында іссапарда болады.