17
Қыркүйек

Мұқанбетәлі Шалқарбеков Шу ауданында кәмелетке толмағандардың ісі бойынша өткен жиынға қатысты

17 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков Шу ауданында кәмелетке толмағандардың ісі бойынша өткен жиынға қатысты.

Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков және прокуратура өкілдерінің қатысуымен өткен жиында кәмелетке толмағандардың ісі және жасөспірімдер тәрбиесі туралы мәселелер қаралды.

Салдары ауыр болған жасөспірімдер арасындағы төбелес туралы қазір қоғамда түрлі пікір айтылып жатқаны белгілі. Жиында осы жастар тәрбиесі және қоғам жауапкершілігі туралы айтылды. Сала мамандары жас жеткіншектердің агррессиялық мінез-құлқы жайлы зерттеу-сараптамалық жұмыстардың қорытындысын алға тартты. Көкейкесті мәселеге қатысты Мұқанбетәлі Жеңісұлы да өз пікірімен бөлісті.

«Жиынға қатысушылардың оқиғаларға қатысты пікірлері әртүрлі болды.

Бірі мектеп басшылығы мен педагогтарды кінәласа, екіншісі әкімдерге, полиция қызметкерлеріне артты. Ал ата-ананың жауапкершілігі қайда деген сұрақ туады. Рас, егерде мектепте болған оқиғаның алдын алмай, мектептегі балалар құқығының бұзылу фактілерін жасырып қалса, онда мектеп әкімшілігі жауапқа тартылуы тиіс. Ата-ананың жауапкершілігі де қаралуы керек», - деді Мұқанбетәлі Шалқарбеков.