29 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Шу ауданында былтыр 5 жаңа мектеп, 2
жапсарлас құрылыс, 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарына
жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім берілген болатын. Қазір
ауданда жаңа мектептің, бір жапсарлас ғимарат салынуда. Ал жалпы құны 600
миллион теңгеге жуық қаржыны құрайтын Макаренко атындағы орта мектепке күрделі
жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жаңа спорт кешені бой көтеруде
«Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалы және облыстық мәслихаттағы
тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков Шу ауданының әкімі
Бақытжан Жәнібековпен бірге құрылыс нысандарын аралап көрді.
Мұқанбетәлі Жеңісұлы ауданда салынып жатқан жаңа Спорт кешенінің құрылысына
қатысты ұсыныстарын жеткізіп, сапаға баса мән беру керектігін еске салды.
Мұқанбетәлі Шалқарбеков Шу
қаласындағы ауызсу жүйесінің құрылыс жұмыстарымен танысқаннан кейін жүгері
өңдеу зауытын саламыз деп келген қытайлық инвесторлармен кездесті.




