27 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Шу ауданындағы Қорағаты ауылдық округіне қарасты Жиенбет ауылының
тұрғындарының жаңа мектеп салып беруді сұрап жүргеніне жиырма жылдан асқан
болатын. Былтыр аталған елді мекенде 100 орындық мектеп ғимаратының құрылысы
басталған.
«Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалы және облыстық мәслихаттағы
тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков Шу аудандық мәслихатына
партия атынан сайланған әріптесі Батырхан Онбаевпен бірге аталған мектепке
барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Елді мекендегі еңселі жаңа мектептің пән кабинеттері кең әрі жарық. Оқу
және тәрбие процесіне қатысты жиһаздар жеткізіліп, орналастырылуда. Қазір онда
сыртқы әрлеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұдан соң ақжолдық депутаттар Шу ауданында кен орындарын аралап, зерделеу жүргізді.
Зерделеу барысында өндіріс жұмыстары кезінде экологиялық талаптар сақталып
отырғанына назар аударылды.
Ақжолдықтар Шу қаласындағы жол жөндеу жұмыстырының барысын да назардан тыс
қалдырған жоқ.





