26
Тамыз

Мұқанбетәлі Шалқарбеков Шу ауданындағы Жайсаң кенішіне барды

26 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Zhanazhyr Project» ЖШС-нің директоры А.Түктібаевтың арнайы шақыруымен «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков, Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту  басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевпен бірге Жамбыл облысы Шу ауданындағы Жайсаң кенішіне барды.

Жайсаң кенішінде «Кеншілер күніне» орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиында Мұқанбетәлі Жеңісұлы кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. «Жұмысшы мамандықтары жылы» салаға назар аударуға, адал еңбек иелерінің мәртебесін көтеруге ықпал еткенін атап өтті. Қоғамда қарапайым жұмысшыларға деген құрмет қалыптасуы үшін еңбек лайықты бағалануы тиіс екендігін, «Ақ жол» партиясының өндіріс пен кәсіпкерлік салаларын қолдайтынын атап өтті.

Бұл күні еңбегімен еленген кеншілердің құрметіне концерт ұйымдастырылды. Белгілі әнші Ахан Отыншиев мереке иелеріне ән арнады. Адал еңбек иелеріне құрмет көрсетіліп, түрлі марапаттар тапсырылды.