02
Сәуір

Мұқанбетәлі Шалқарбеков тұрақты комиссиясының кезекті отырысын өткізді

2 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков экология, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар, агроөнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысын өткізді.

Мұқанбетәлі Шалқарбековтің төрағалығымен өткен комиссияның алтыншы отырысында облыстағы көктемгі абаттандыру, санитарлық күтіп ұстау және тазалықты қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және көктемгі су тасқынына дайындық іс-шаралары туралы су тасқыны қауіпті кезеңде төтенше жағдайдың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар, тұтынушылардың құқықтарын сандармен қорғау (2024 жылғы социологиялық зерттеу нәтижелері) туралы мәселелер қаралды.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.