23
Маусым

Мұқанбетәлі Шалқарбеков Жібек жолы арнайы экономикалық аймағында инвесторлармен кездесті

23 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Жамбыл облыстық мәслихатының алдағы сессиясында «Өңірдің кәсіпкерлік саласын дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мен инвестициялар тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы» мәселесі қаралады. Осыған байланысты уақытша комиссия құрылып, жұмыс тобы аудандарды аралап, зерделеу жүргізуді бастаған болатын.

Аталған жұмыс тобының жетекшісі,  “Ақ жол” демпартиясы Жамбыл облыстық филиалы және облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков бастаған облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков және депутаттар тобы Шу ауданындағы Жібек жолы арнайы экономикалық аймағына барып, инвесторлармен кездесті.

Депутаттар тобы кәсіпорын басшыларымен сөйлесіп, инвестжобалар туралы сұрады.