12
Маусым

Мұқанбетәлі Шалқарбеков Жуалы ауданында зерделеу жұмыстарын жүргізді

12 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков депутаттардан құралған жұмысшы топпен бірге Жуалы ауданында зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Атап айтсақ, мәслихатта  «Өңірдің кәсіпкерлік саласын дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мен инвестициялар тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы» мәселені зерделеуге арналған комиссия құрылған болатын. Мұқанбетәлі Жеңісұлы бастаған комиссия Жуалы ауданындағы жұмыс сапары барысында аудан әкімі Жалғас Мұртазамен кездесті.

Кездесу барысында ауданда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқаны сөз болды.

Бұдан кейін комиссия мүшелері аудандағы бірқатар кәсіпкерлік нысандар мен кәсіпорындарды аралады. Соның бірі – Қайрат ауылындағы минералды сусындар шығаратын «Ақсай Жуалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Сондай-ақ депутаттар Б.Момышұлы ауылы Б.Үсенов көшесі бойында орналасқан «Әлеуметтік дүкеннің», «Тік Асу Нан» АШӨК наубайханасының жұмысымен танысты. Халық қалаулылары бірінші кезекте әлеуметтік тізімдегі азық-түлік бағасы мен сапасына мән берді.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Р.Айтбаев аталған кәсіпкерлік нысандардың жұмысын таныстырып шықты.