28
Тамыз

Мұқанбетәлі Шалқарбеков Қызылорда қаласында өткен республикалық семинарға қатысты

28 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

“Ақ жол” ҚДП-ның Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков Қызылорда қаласында өткен республикалық семинарға қатысты.

“Әлеуметтік салаға бағытталатын бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы” республикалық семинар-кеңестің секциялық отырысы Н. Бекежанов атындағы драма театрында өтті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпова модераторлық еткен семинарды Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов сөз сөйлеп ашты.

Тақырып аясында спикерлер баяндама жасап, бірқатар мәселелер талқыланды.

Бұдан соң ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Б. Көшербаевтың төрағалығымен бюджет қаржысын оңтайландыру және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.

Сондай-ақ семинар қатысушылары Қызылорда қаласы  «Арай» мөлтек ауданындағы 1500 орындық “Келешек мектебінің” ашылу салтанатының куәсі болды.

Түстен кейін қонақтар мәдени-тарихи нысандарды аралап, қалада атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.