19 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының, Жамбыл облыстық мәслихаты
тұрақты комиссиясының төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбековтің төрағалығымен
комиссия отырысы және мәслихаттың кезекті ХХІІ сессиясы өтті. Жиында аймақтың
әлеуметтік-экономикалық дамуы, құқықтық мәселелер мен жергілікті басқару
жүйесіндегі өзгерістер қаралды.
Күн тәртібіндегі – жергілікті бюджеттің тиімді игерілуі және салық
түсімдерін ұлғайту мәселелері бойынша Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары
Нұржан Календеров баяндама жасады.
Сессия барысында облыстық мәслихаттың экономика, жергілікті өзін-өзі
басқару, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының
есебі тыңдалды. Сонымен қатар, 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке
өзгерістер енгізу және өңірдегі әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін
айқындау туралы мәселелер қаралды.
Сондай-ақ медициналық қызмет көрсету саласында да маңызды шешімдер
қабылданды. Үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бекіту мәселесі
талқыланып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссияның
жаңа құрамы бекітілді.
Сессияда Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамы
жаңартылды. Атап айтқанда, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, өнеркәсіптік даму
жөніндегі үйлестіру кеңесі, терроризмге қарсы комиссия.