19 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» демпартиясының Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы
тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбековтің төрағалығымен өткен
Жамбыл облыстық мәслихатының экология, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар,
агроөнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның жетінші отырысында негізгі 3
мәселе талқыланды.
Күн тәртібіндегі өңірдің кәсіпкерлік саласын дамыту, шағын және орта
бизнеске қолдау көрсету мен инвестициялар тарту бойынша атқарылған жұмыстар
туралы Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық
даму басқармасының басшысының орынбасары Ернар Оразбай баяндады.
Бұған дейін кәсіпкерлік саласын дамыту үшін инвестиция тарту бағытында
атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеу мақсатында депутаттардан құрылған арнайы
комиссия Жамбыл, Жуалы, Сарысу, Талас
аудандарын аралап, зерделеу жүргізіп қайтқанбыз. Жұмыс сапары кезінде атқарылып
жатқан жұмыстарды көзбен көріп, кәсіпкерлермен тілдестік.
Комиссия отырысында аталған аудандар әкімдерінің орынбасарлары хабарлама
жасады. Сондай-ақ комиссия отырысында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Берік Манасов корпорация жұмысының
тиімділігі туралы айтып, кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шараларына тоқталды.

