19
Маусым

Мұқанбетәлі Шалқарбековтің төрағалығымен тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті

19 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ында «Ақ жол» демпартиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбековтың облыстық мәслихаттың төрағалығымен экология, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар, агроөнеркәсіпті  және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жиында кәсіпкерлік саласын дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мен инвестициялар тарту бойынша атқарылған жұмыстар және  «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның атқарып отырған жұмысының тиімділігі талқыланды.

Отырыстың күн тәртібіне сай, «Өңірдің кәсіпкерлік саласын дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мен инвестициялар тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы» мәселесі қаралып, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысының орынбасары Оразбай Ернар Айдарұлы осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы баянадама жасады.

Дерекке сүйенсек, Жамбыл облысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға 190,7 млрд теңгені құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңімен салыстырғанда 66,8 пайызға артық. Республикалық жоспар 115 пайызға орындалған. Негізгі жоспар – 165,3 млрд теңге болатын.

Басты индикаторды орындаған аудандар –  Меркі, Талас, Сарысу және Шу аудандары.

Комиссия отырысында талқыланған екінші мәселе – «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның атқарып отырған жұмысының тиімділігі.

Жиында аталған корпорацияның басқарма төрағасы Берік Жамбылұлы бүгінге дейін атқарылған жұмыстардың барысын баяндады. Сондай-ақ, комиссия отырысына Жамбыл, Жуалы, Сарысу және Талас аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Комиссия мүшелері кәсіпкерлік саласын дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мен инвестициялар тарту бойынша нақты шаралар қабылдауды ұсынды. Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша жан жақты талқыланып, нәтижесі бойынша қаулылар қабылданды.