22 ақпан 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Жаңбырбай Матаев, «Ақ жол-жастар» жастар қанатының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Гүлмайса Шаңбаева, аудандық мәслихат депутаты Азамат Изтурғанов Маңғыстау ауданына арнайы іс-сапармен барды.
Сапар барысында Маңғыстау ауданы, Шетпе кентіндегі №7 мектеп – лицейінің ұжымымен кездесті.
Кездесуде ХХІ ғасырдағы «Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауында «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы: ұлы ақынның шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі» номинациясы бойынша үздік атанып, II орын иегері Гүлжанат Оразбековаға арнайы жүлдесі табыс етілді.