13 желтоқсан 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай Алаш ардақтысы, тілші-публицист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлының еңбектерін жастарға кеңінен насихаттау мақсатында «Жалау Мыңбайұлы өмірі – ұрпаққа үлгі» атты мерекелік іс - шара өткізді.
Іс-шараға Жалау ата ұрпақтары, Алаштанушы жастар және «Ақ жол» партиясы Маңғыстау облыстық филиалынан ұсынылған маслихат депутаттығына кандидаттар, сенімді өкілдер мен «Ақ жол -жастар» ЖҚ жастары қатысты.
Жиынға қатысушылар ең алдымен Жалау Мыңбайұлының рухына арнап бір минут үнсіздік жариялап, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.
Мерекелік шараның шымылдығын жастар қанатының белсенді мүшесі Ринат Бердіқылыш ақын Сабыр Адайдың «Маңғыстау» атты өлеңімен ашты.
Мұнан соң жас алаштанушы, «ХХІ ғасырдығы Алаштың ақ жолы» байқауының лауреаты Мұстафа Шоқай өзінің Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайға арнаған арнау өлеңін оқыды.
Сондай-ақ, «Ақ жол-жастар» жастар қанатының әуесқой жастары драматург, ұстаз Өтен Ахметтің «Елім деп өткен ер Жалау» спектаклінен үзінді сахналады. Онда Жалау Мыңбайұлының ҚазССР Орталық Атқару комитетінің төрағасы (Үкімет басшысы) қызметін атқарған жылдарында Мұстафа Шоқайды Еуропаға Каспий теңізі арқылы шығарып салған сәті көрініс табады.
Жиын соңында Жалау Мыңбайұлы рухына құран бағыштап, «Ақ жол - жастар» ЖҚ жастарының орындауындағы «Батырлар ұраны» әні орындалды.