1 қаңтар 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы
Жас "ақжолдықтар" әлеуметтік желілерде "2021 жылға "Ақ жолмен" бірге!" челленджін бастап кетті.
Челлендж партияның Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы "Ақ жол-жастар" жастар қанатынан бастау алды. Желілердегі шара алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына арналған.
"Ақжолдықтар" жаңа жылдық бейнероликте қазақстандықтарды сыбайлас жемқорлық жағдайын, "Алаш" идеясы, әлеуметтік әділеттілік және нарықтық экономиканың дамуы туралы ойландырады.
"Ақ жол-жастар" жастар қанатының белсенділері партия ұсынған өзгерістерді және олардың қажеттілігін еске салып, алдағы сайлауда Қазақстан "Ақ жол" демократиялық партиясына дауыс беруге шақырады.
"Біздің таңдауымыз «Ақ жол»! "Ақ жолға" дауыс бер!", - дейді маңғыстаулықтар. Сондай-ақ бұл челленджге Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының белсенділері де қатысады. Маңғыстау жастары "2021 жылға "Ақ жолмен" бірге!" челленджін Алматы облысына жолдады.
https://www.facebook.com/100005756506821/posts/1626146747587193/