06
Қыркүйек

Марат Әзілхановпен «Ақ жол» жастарының өкілдері кездесті

6 қыркүйек 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі  — Марат Алмасұлы Әзілханов БҚО-ның белсенді жастарымен кездесті.

Кездесуге арнайы шақырылған қонақтардың қатарында «Ақ жол» демократиялық партиясы БҚО филиалының «AQ JOL JASTARY» ЖҚ төрағасы Саясат Садуақасұлы Жарасовта болды. Ол өз сөзінде партия тарапынан жастар бастамалары әрқашан қолдау табатынын айтып сәттілік тіледі. Сонымен қатар ынтымақтастықтық аясында бірлесекен жұмыстары үшін алғысын білдіріп, қадірлі қонақтарға ризашылғын жеткізді.

Кездесу барысында ұлтаралық татулық, жастардың азаматтық белсенділігі, ҚХА жобаларындағы жастардың рөлі туралы және облыстың белсенді жастарының желісі бойынша жүзеге асырылып жатқан креативті жобалар, көшбасшылықты дамыту, жастарды әлеуметтік маңызды бастамаларға тарту мәселелері талқыланды.

Жастардың бастамаларына оң баға берілген бұл жиында белсенді жастар өз ұсыныстарын ортаға салып, өңірде атқарылған жұмыстарымен таныстырды.