29 тамыз 2025
жыл Жамбыл облыстық филиалы
Ақжолдық депутат Мақсат
Сұлтанғазиев Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбегін насихаттап жүрген Шу
ауданының ұстаздарын «Ақ жол» ҚДП-ның төрағасы Азат Перуашевтің атынан «Алаш»
төсбелгісімен марапаттады.
«Ақ жол» партиясынан сайланған
депутат, Шу аудандық мәслихатының әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясының
төрағасы Мақсат Сұлтанғазиев «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман»
тақырыбын арқау еткен аудан педагогтарының дәстүрлі тамыз конференциясына
қатысып, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбегін насихаттап жүрген Шу ауданының
ұстаздарын «Ақ жол» ҚДП-ның төрағасы Азат Перуашевтің атынан «Алаш»
төсбелгісімен марапаттады.
«Аудандық мәслихаттың әлеуметтік
сала бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы ретінде педагогтар, медицина
саласының қызметкерлерімен тығыз жұмыс жүргізетіндіктен, сала мамандары
арасында партияның саяси бағдарламасын түсіндіріп отырамын. Соның нәтижесінде
партия бастамаларын жүзеге асыруда бірлесе жұмыс жүргізетін азаматтар қатары
артып келеді», - дейді Мақсат Сұлтанғазиев.
Өз кезегінде «Алаш» төсбелгісінің
иегерлері адал еңбекті бағалап, марапаттап жатқан «Ақ жол» ҚДП-ның төрағасы
Азат Перуашев бастаған ақжолдықтарға ризашылықтарын жеткізді.
««Ақ жол» партиясы әкімдік
ұсынған тізім бойынша емес, еңбегіне қарай, лайықты азаматтарды марапаттайды.
Бұл біз үшін үлкен мәртебе», дейді шулық ұстаз Г.Қанайқұлова.


