26
Ақпан

Мақсат Сұлтанғазиев атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті

26 ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Ақжолдық депутат көтерген мәселелер шешімін табуда.

«Ақ жол» партиясынан сайланған Шу аудандық мәслихатының депутаты Мақсат Сұлтанғазиев сайлаушылармен кездесу өткізіп, 2024 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жаңа жол, Белбасар, Еңбекші, Тасөткел ауылдарында кездесулерде Мақсат

Сұлтанғазиев 2025 жылы жүзеге асырылатын жобаларға тоқталды:

1. Еңбекші ауылына сметалық құны 648 миллион теңгені құрайтын мектепке жапсарлас спорт зал мен асхана салынады. Сонымен қатар осы ауылға балалар ойын аланшасы бой көтереді;

2. Белбасар ауылының орталық көшесіне ұзындығы 3,6 шақырым жаяу жүргінші жолы (тротуар) салынады. Жобаның жалпы сметалық құны 119 миллион теңге. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшасы ашылады;

3. Жаңа жол ауылы бойынша биыл спорт кешені пайдалануға беріледі және бір көшені толықтай жарықтандыруға 37 миллион қаржы бөлінді;

4. Тасөткел ауылына сметалық құны 500 миллион теңгеге ауызсу жүйесі тартылады.

Айта кету керек, бұл жобалардың барлығы ақжолдық депутаттың аталған елді мекендердің әкімдерімен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесі.