14
Тамыз

Мақсат Сұлтанғазиев соңғы уақытта ауылдарда жиі өшетін электр жарығы мәселесін көтерді

14 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Шу аудандық мәслихатының депутаты Мақсат Сұлтанғазиев өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің Шу ауданында өткізген жиынында ауыл тұрғындарының шағымын жеткізіп, сұрақ қойды.

Жасыратыны жоқ, соңғы кездері ауылдық жерлерде электр жарығы себепсіз жиі өшетін болған. Ал жел тұрып, жауын жауса, жарықтың болмайтыны әдетке айналған. Бұған тарифтің қымбаттағанын қосыңыз. Жарық жоқ, төлейтін төлемақысы көп.

Өңір басшысының Шу ауданына келген сапарындағы жиында ақжолдық депутат осы мәселені көтеріп, сұрақ қойды. «Жамбыл РЭС» мекемесінің басшысының депутаттар алдында есеп беруін, халыққа қызмет ашық түрде жариялы жүргізілуін сұрады.