16 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Астана қаласында заң ғылымының көрнекті өкілі, ұлт зиялысы Нәрікбаев Мақсұт
Сұлтанұлының 85 жылдығына орай “MNU CUP 2025 – FEMIDA” республикалық пікірсайыс
турнирі өтуде.
Турнир “Заң және тәртіп” тақырыбы аясында ұйымдастырылып, Мемлекет Басшысы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы Ұлттық құрылтайда атап өткен 6
негізгі құндылықтың біріне арналады.
Ерекше форматта өтетін бұл турнир қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
ұйымдастырылып, әр лигада 32 командадан бақ сынауда.
Бұл беделді сайыста “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық
филиалының жастар кеңесінің мүшесі Сәрсен Жанерке аймақ намысын қорғап, заң мен
құқық саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға атсалысуда.
Пікірсайыс жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, құқықтық сауаттылығын
арттыруға зор мүмкіндік береді. “Ақ жол” партиясы жастардың білім мен
интеллектуалды дамуына қолдау көрсетуді жалғастыра береді.