29 қаңтар 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясының Маңғыстау
облыстық филиалының баспасөз қызметі
«Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар
бірлестігі мен Маңғыстау облыстық мәслихаты және өңірдегі саяси партиялардың
филиалдары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Жиынға Маңғыстау облыстық маслихатының төрағасы Ж.Матаев, Маңғыстау облысы
әкімінің орынбасары Қ.Құлжанов, Маңғыстау облысының прокурорының орынбасары
Д.Медетбеков, «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы
С.Бекқалиев, «Ақ жол» демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиал
төрағасының орынбасары Ғ.Тажибаева, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Ақтау қаласы филиалының
өкілі Н.Данабаев, облыстық басқарама басшылары мен саясы партиялардың филиал
төрағалары, өңірдің кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары мен кәсіподақ
ардагерлері қатысты.
Аталған құжатқа қол қоюдағы басты мақсат – өңірдегі әлеуметтік-еңбек және
қоғамдық тұрақсыздықтың алдын алу, еңбек адамының құқығын қорғауда Қазақстан
Республикасы еңбек заңнамаларына өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасау.
Тараптар осы бағыттағы жүйелі өзара іс-қимыл мен сындарлы ынтымақтастықты
қамтамасыз ету үшін екіжақты келісімге келді.