06
Қыркүйек

Маңғыстау облыстында Халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті

2024 жыл 6 қыркүйек, Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

Бүгін облыстық Халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті. Отырысқа “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Тәжібаева қатысты.

Жиын барысында “Amanat” партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова штаб жұмысының негізгі міндеті мен мақсатын түсіндірді.

Сондай-ақ Yessenov University профессоры, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, саяси ғылымдар докторы Киікбай Жаулин және «МАЭК» ЖШС БН-350 реактор қондырғысы бөлімшесінің директоры Марат Молдагулов АЭС құрылысының маңызы мен ұтымды тұсын тілге тиек етті.

Облыстық халықтық штаб құрамында саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, ҚР Кәсіподақ федерациясы филиалының, Қазақстан Азаматтық Альянсының және “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар.

Халықтық штаб өкілдері келесі аптадан бастап, 1 ай көлемінде өңір тұрғындарымен тілдеседі.

Олар АЭС салудың артықшылығы мен қауіпсіздігі жайлы сөз қозғап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар АЭС мәселесіне қатысты көпті толғандырып жүрген сауалдарға жауап береді.

Еске салайық, 6 қазанда АЭС салу жөніндегі референдум өтеді.