05
Қыркүйек

Маңғыстау облыстында партиялар және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті

2024 жыл 5 қыркүйек, Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті. Штаб отырысына «Ақ жол» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Тәжібаева қатысты.

Аталған штаб құрамына 6 саяси партияның орталық және аймақтық белсенділері, сондай-ақ республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, соның ішінде Парламент пен мәслихат депутаттары, интеллигенция өкілдері, танымал ғалымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері және жастар ұйымдарының белсенділері кірді. Штабтың мақсаты – халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру. 

Алдағы уақытта штаб мүшелері өңірлердегі сайлаушылармен жұмысын бастайды, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді, шалғай елді мекендерге барады.