31
Мамыр

Маңғыстауда «Алашқа тағзым» дәстүрлі шарасын өтті

31 мамыр 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу күніне орай «Алашқа тағзым» дәстүрлі шарасын өткізді.

Шараға “Ақ жол” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан Қорғанбайұлы, “Ақ жолдың” Облыстық Кеңесі мен жастар қанатының мүшелері, сондай-ақ, “Ауыл” ХДП партиясының Маңғыстау облыстық филиалы өкілдері қатысты.

“Алашқа тағзым” шарасы аясында Ақтау қаласындағы Жалау Мыңбайұлы ескерткішіне барып, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, гұл шоқтарын қойып, құран бағыштады.

- «Бұл ел тарихындағы ең қасіретті трагедия. Өзін қазақпын деп санайтын кез-келген азамат бұл күні саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына құран бағыштап, еске алу керек деп санаймын. Өкінішке орай, сол зобалаң жылдарда көптеген ата-бабаларымыз шейіт болды. Сол үшін бүгін белгілі және белгісіз кеткен ел азаматтарына құран бағыштап, құрмет көрсету дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы тиіс. Мұндай шара баршамызға үлкен өнеге. Ата-баба рухы разы болсын! Бағыштаған құранымызды Алла қабыл етсін!» - деді филиал төрағасы Батыржан Қорғанбайұлы.

Айта кетейік «Алашқа тағзым» дәстүрлі шарасы «ақжолдықтардың» ұйымдастыруымен еліміздің өзге де өңірлерінде аталып өтті.