1 мамыр 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық
филиалының баспасөз қызметі
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау облысынан эвакуацияланған
азаматтарға көмектескен еріктілерге «алғыс» жариялады. Кеше өңір басшысы Нұрлан
Ноғаевтың қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты шара
өтті.
Жиынға Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, барлық
деңгейдегі мәслихат депутаттары, саяси партиялардың облыстық филиал төрағалары
мен төраға орынбасарлары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ассамблея мүшелері,
қоғамдық штаб өкілдері және өңір жастары қатысты.
Жиында аймақ басшысы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап,
еліміздегі ынтымақ пен бірлікті, тыныштықты сақтауға ұдайы үлес қосып жүрген
барша маңғыстаулықтарға алғысын білдірді. Маңғыстауға эвакуацияланған халыққа
көмек көрсетуге белсене атсалысқандардың барлығы бүгінгі күннің нағыз батырлары
деуге болады.
- “Су тасқыны кезінде көмек қолын созған адамдардың арасында назардан тыс
қалмайтын азаматтар аз емес. Көмек көрсеткен әрбір адам кезең-кезеңімен
марапатталатын болады.”, - деді өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы.
Шара соңында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Маңғыстауға Атырау
облысынан эвакуацияланған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін
үйлестіруге көмектескен еріктілерді марапаттады.
Олардың ішінде “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Тәжібаева да бар.