27
Сәуір

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өтті

27 сәуір 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

“Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысып, ағаш отырғызды.

Ағаш отырғызу шарасына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, қала әкімі Ұлықбек Тналиев, саяси партиялардың облыстық өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен өңірдің белсенді жастары қатысты.

Өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы қоғамда экология мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау маңызды екенін атап өтіп, аймақтың коммуналдық шаруашылық мекемелерінің қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.