11 қазан 2025 жыл, Маңғыстау
облыстық филиалы
Сенбі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза
Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысында кең
ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау
облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Бақтиярқызы және партия
өкілдері, өңір ардагерлері, мемлекеттік және салалық мекемелердің
қызметкерлері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.
Облыс бойынша өткен экологиялық сенбілікке шамамен 10 мың адам қатысып, 67
арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде өңір аумағынан 190 тоннаға жуық қоқыс
шығарылды. Сонымен қатар, сенбілік аясында өңірдің экологиялық мәдениетін
арттыру мақсатында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 5200 жасыл желек егілді.
Атап айтқанда, шаған(ясень), үйеңкі(клён) және акация ағаштарының көшеттері
егілді.