21-24 наурыз аралығында “Ақ жол” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы
төрағасының орынбасары, «Қазақстан Республикасының әуесқой лигасы» Маңғыстау
облыстық филиалының директоры Мұрат Бекмағанбетовтың бастамасымен “Ақ жол”
демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы мен Маңғыстау облыстық дене шынықтыру
және спорт басқармасының қолдауымен «Қазақстан Республикасының әуесқой лигасы»
қауымдастығының ұйымдастырумен әуесқой командалар арасында шағын футболдан
Қазақстан Республикасының VIII чемпионаты өтті.
Чемпионатқа аймақтық іріктеуден өткен 35 команда 600-ден астам ойыншы
қатысты. Оның ішінде 9 команда Маңғыстаудың абыройын қорғап, оза шапқан 1
команда ақтық кезеңге дейін жетті.
Төрт күнге созылған ойынды футбол сүйер қауымға YouTube желісі арқылы
онлайн түрде де көрсетіліп, 80 мың адам тамашалады.
Ойынның марапаттау рәсіміне "Ақ жол" демократиялық партиясынан
сайланған Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Бекнұр Бисенов қатысты.
Салтанатты шара аясында үздік командалар мен ерекше көзге түскен
ойыншыларға арнайы медальдар, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
🥇«Muslim» - Қызылорда (1 500 000 тг)
🥈 «Burgylau» - Жаңазен (800 000 тг)
🥉«Jiger» - Құлсары (300 000 тг)
Жарыс қорытындысы бойынша чемпион атанған «Muslim» командасы келер жылы
Испания мемлекетіндегі Барселона қаласында өтетін Европа чемпионатына жолдама
алды.
1. Үздік
қақпашы-Боранбаев Батыржан (Muslim)
2. Үздік
қорғаушы-Абат Ескендір (Мұрагер )
3. Үздік
бомбардир - Райханов Ғалым (allopizza.kz)
4. Үздік
ойыншы-Нұрмұханов Бақытжан (Бұрғылау)
5. Fair
Play-Егінжанов Диас (Asyl)
6. Үздік
көмекші-Кулекенов Исламбек (Asyl)
7. Спорт
ардагері-Ереділ Нұрберген (Бұрғылау)
8. Көрермендер
көзайымы сыйлығы - Файзали Сардаров (Жігер)
Арнайы номинация
иелеріне 50 000 тг қаржылай сыйақы табысталды.
Айта кету керек, чемпионат аясында Ақтауда алғаш рет "ЖҰЛДЫЗДЫ МАТЧ" өткізілді. Еліміздің әр қиырынан келген командалардың сенімді өкілдері жергілікті жұлдыздардан құрылған "Жағымды жаңалық" командасына қарсы ойнады. Жұлдызды құрамда облыстағы өнер, жайдарман, спорт саңлақтары өнер көрсетті. "SHOW MATCH" тең есеппен аяқталды.