9 сәуір 2024 жыл, «Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау облыстық
филиалының баспасөз қызметі
9 сәуірде “Ақ жол” демпартиясы Атырау облыстық филиалынан сайланған
облыстық мәслихат депутаттары Е.Юсупов пен К.Шин демеушілігімен “Ақ жол”
демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Құлсары қаласындағы
жұмысшалар бригадасына 2,5 тонна азық-түлік жөнелтілді.
Су тасқыны Атырау - Құлсары тас жолын шайып кетуіне байланысты, облыс
орталығынан қарғын судан зардап шеккен аймаққа қажетті азық-түлікті жіберу
атыраулықтарға қиындықтар тудыруда.
Осыған байланысты атыраулық әріптестер Маңғыстаудағы әріптестерінің көмегімен
апат орнын тазартуға және кезекті тасқын судын алдын-алуға жұмыс істеп жатқан
азаматтарға азық - түлік жіберді.
Ақтаудан Құлсарыға жөнелтілген азық-түлік тиелген көлікті “Ақ жолдың”
Жылыой аудандық мәслихат депутаты А.Өмірзақ күтіп алып, жұмысшылар биргадасына
таратады.