8 шілде 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
“Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің белсенді
мүшесі — Мейрамбекова Аружан Шыңқожа батыр атындағы жалпы білім беретін
мектептің 100 жылдық мерейтойына арнайы барып қатысып, мерекелік шараның куәсі
болды.
Ғасырлық тарихы бар бұл мектеп – бірнеше буын ұрпақты тәрбиелеп шығарған,
ауданның білім беру саласында өзіндік орны бар маңызды білім ордасы.
Атаулы датаға орай мектеп қабырғасында әртүрлі мерекелік іс-шаралар
өткізілді. Мектептің өткені мен бүгіні, жетістіктері мен естеліктері
жаңғыртылып, білім мен тәрбиенің мәні дәріптелді.
Сонымен қатар, аудандық өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама
ұйымдастырылып, жиынға қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Мейрамбекова Аружан бұл мерекелік сәтте білім ордасы ұжымын құттықтап, “Ақ
жол” партиясы білім мен ұрпақ сабақтастығын әрдайым қолдайтынын, әрі осындай
шаралар жастарға үлгі болатынын атап өтті.
“Ақ жол” партиясы – ұлттық құндылықтар мен рухани мұраны құрметтейтін
жастармен бірге!
