20
Мамыр

Мейіржан Құтыбаев тұрақты комиссиясының отырысына қатысты

20 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Жаңақорған аудандық мәслихатындағы депутаты, партияның Жаңақорған аудандық өкілдігінің төрағасы Мейіржан Құтыбаев  мәслихаттың бюджет, экономика, құрылыс, өнеркәсіп, көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық, сауда, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты  комиссиясының отырысында  ауданның егіс жұмыстарына дайындығы туралы мәселеге байланысты, ауданның шаруашылық құрылымдарының басым бөлігін шағын шаруалар құрайтын болғандықтан ауданда шаруаларға қажетті тұқым шаруашылығын ашу қажет екендігін және де шаруашылық құрылымдарын қол жетімді бағада тыңайтқыштармен қамтамасыз ету керектігі жөнінде өз ұсынысын беріп, бұл шаруаларға үлкен көмек болатынын айтты.